Accessibility links

Ұлттық банк: инфляция деңгейі 6-8 пайыз шегінде болады


Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов биылғы жылғы инфляция көрсеткіштері жақсы деп санайды. Бұл туралы ақпарат агенттіктері хабарлады.

«Біз алдағы екі-үш жылдың көлемінде инфляцияны азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Биыл бізде инфляция көрсеткіштері жақсы, қазанның 1-іне бізде тұтас алғанда инфляция жылдық көрсеткіште 4,4 пайыздан аспады. Біз мұндай қарқын жалғасса, жыл соңына дейін оны 6-8 пайыз шегінде ұстау туралы міндет орындалады деп ойлаймыз» деген парламентте журналистермен оңаша әңгімеде Қайрат Келімбетов.

XS
SM
MD
LG