Accessibility links

Таразда Қазақ хандығы мерекесі басталды


Тараз қаласы. (Көрнекі сурет)

Тараз қаласы. (Көрнекі сурет)

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерекесі басталды.

"Ұлы дала елі" республикалық тарихи-мәдени экспедициясының қорытындысы жөнінде баспасөз мәслихатымен басталған шара әрі қарай «Қазақ елі» атты көрмемен жалғасты.

Қалада шараға дайындық жұмыстары әлі жүріп жатыр. «Қарахан» кесенесінің құрылыс жұмысы бүгін кешке аяқталмақ.

Орталық алаңда 1000-ға жуық адам ертеңгі болатын сахналық қойылымға дайындалып жатыр. Шетелдік қонақтар жаңа ашылған «Көне Тараз» саябағын аралап жүр.

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау мәселесі президент сайлауының алдында көтерілген еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады" деген сөзінен соң бұл шараны атап өту жұмысы басталған. Елдің әр жерінде өткен шаралар Тараз қаласында аяқталмақ.

XS
SM
MD
LG