Accessibility links

Ресей: Каспийден Сирияға 26 зымыран атылды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

7 қазанда Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Каспий теңізіндегі флотилия кемелерінен Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымының позицияларына 26 соққы жасалғанын мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде қорғаныс министрі Сергей Шойгу Каспий теңізіндегі флотилияның төрт кемесінен Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымының позицияларына 26 қанатты зымыран атылғанын, 11 нысанның жойылғанын хабарлады.

Шойгудың сөзінше, қыркүйектің 30-ынан бері Ресей әскері Сириядағы исламшылдардың 112 нысанасына соққы жасаған. Каспийдегі кемелерден жасалған шабуылға президент Владимир Путин жоғары баға берді.

Бірақ Сирия мен Иракта іс-қимыл жасап жатқан Батыстың әскери коалициясы, НАТО және Түркия Кремльдің өткен аптада өз бетінше бастаған операциясын мақұлдамай, аймақтағы қақтығыстың созыла түсуіне себеп болады деп алаңдайды.

XS
SM
MD
LG