Accessibility links

Обама Кундуздағы ауруханаға шабуыл үшін кешірім сұрады


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанның Кундуз қаласындағы ауруханаға жасалған шабуыл үшін «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымынан кешірім сұрады. Қазанның 3-і күні жасалған әуе шабуылы салдарынан қираған ауруханада кемінде 22 адам қаза тапқан. «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы бұл оқиғаны зерттеу үшін халықаралық тәуелсіз комиссия құруды талап еткен.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест президент Обаманың «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы қызметкерлері мен науқастар қазасына көңіл айтып, кешірім сұрау үшін» халықаралық ұйымның жетекшісі Джоан Лиумен сөйлескенін айтты. Эрнестің сөзінше, Барак Обама болған оқиғаға қатысты мұқият әрі ашық тергеу жүргізуді қамтамасыз ету туралы уәде берген.

АҚШ президенті сонымен бірге Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниге телефон шалып, қайғылы оқиғада қаза тапқандарға көңіл айтқан.

XS
SM
MD
LG