Accessibility links

Киев: сепаратистер бітімді бұзып, оқ атты


Ресейшіл сепаратистер мінген әскери танк. Донецк аймағы, 29 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейшіл сепаратистер мінген әскери танк. Донецк аймағы, 29 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина билігі елдің шығысындағы сепаратистерді «атысты доғару туралы бітімді бұзып, танкіге қарсы снаряд қолданды» деп айыптады. Қазанның 7-і күні жасалған шабуыл салдарынан украниналық төрт әскери жараланғаны хабарланды. Осының қарсаңында Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысында «нағыз бітім» басталғаны туралы мәлімдеп, бірақ, бейбітшілікті қалпына келтіру үшін әлі ұзақ жол барын ескерткен еді.

Киевте әскери академия тыңдаушылары алдында сөйлеген Порошенко «Украина жерінің ең соңғы сүйем бөлігіне дейін басқыншы дұшпаннан азат етілгенде» ғана соғыс аяқталатынын айтқан.

Қарсы тараптардың атысты тоқтату туралы ақпан айында жасаған келісімі талай рет бұзылған, бірақ, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда соңғы айда атыс мүлде саябырсып, тыныштық орнағандай болып еді.

Шығыс Украинада үкімет күштері мен ресейшіл сепаратистер арасында қарулы жанжал басталған 2014 жылдың сәуір айынан бері 7900-ден аса адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG