Accessibility links

Ресейде ең ірі химиялық қару қоры жойылған


БҰҰ-ның химиялық қару жөніндегі сарапшылары. (Көрнекі сурет.)
БҰҰ-ның химиялық қару жөніндегі сарапшылары. (Көрнекі сурет.)

Ресейдегі ең ірі химиялық қару-жарақ қоры Брянск облысының Почеп қаласындағы арнайы кәсіпорнында толық жойылған.

Зауыт жұмысын бастаған 2010 жылдан бері онда жеті жарым мың тоннаға жуық улы заттар залалсыздандырылған. «Почеп» нысанында құрамында зарин, зоман және басқа VX түріне жататын аса қауіпті улы заттар бар жалпы жиыны 67 мыңнан аса химиялық әуе қаруы жойылған деп хабарлайды химиялық қаруларды қауіпсіз жою және сақтау жөніндегі Ресей федералдық басқармасы мәліметтеріне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

Почеп қаласында бүгін химиялық қаруларды жою жұмыстарының аяқталуына арналған салтанатты рәсім өтеді. Оған химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым инспекторатының директоры Марчелло Кос қатыспақ.

Жақын уақытта зауыт құрал-жабдықтары газдан арылтып, қауіпті қару-жарақ сақталған жер тазартылады деп хабарланды. Одан соң кәсіпорынды азаматтық мақсаттағы өндіріс орнына айналдыру мәселесі қарастырылмақ.

Ресейде сақталып келген улы қару-жарақтың 92 пайызы биыл қазан айына дейін жойылған. 2016 жылы химиялық қару-жарақты жою жұмыстары Удмуртиядағы «Кизнер» кәсіпорнында жалғасатыны айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG