Accessibility links

Таразда Қазақ хандығы мерекесі өтіп жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Тараз, 8 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Тараз, 8 қазан 2015 жыл.

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне арналған мәдени шаралар басталды.

Қаладағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Мәңгілік ел» атты халықаралы ақындар айтысы өтіп жатыр. Бас жүлдеге 3 миллион теңге тігілген бұл айтысқа Қазақстан, Қытай мен Моңғолиядан келген 26 ақын қатыспақ.

Таразда бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент те ашылды. Оның ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Қала көшелерінде Ұлы Жібек жолын жаңғырту мақсатында Қытайдың Шэньси провинциясынан келген 40 түйелі керуен жүріп өтті.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG