Accessibility links

Мәдени салаға қатысты заң өзгерістері қабылданды


Алты қанатты киіз үй. (Көрнекі сурет)
Алты қанатты киіз үй. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті сенаты бүгін мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының мемлекеттік мүлік болып табылатын тарихи-мәдени мұра нысандарына қатысты өкілеттіктерін шектеуді, материалдық емес мәдени мұраны қорғауды және Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция негізінде БҰҰ қызметіне қатысуын көздейді.

Сонымен бірге заң жобасында Қазақстан президенті жанындағы әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес құру, мәдениет және спорт министрлігі жанынан көркемдік кеңестер құру қарастырылған.

Сенат мақұлдаған заң жобасына байланысты Қазақстанның әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне, сонымен бірге «Тарихи-мәдени мұра нысандарын пайдалану және қорғау туралы», «Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға өзгерістер енгізілмек.

XS
SM
MD
LG