Accessibility links

Кудрин: Ресей зейнетақы жүйесінің тапшылығы 50 пайызға жуық


Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин.

Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин.

Қазіргі кезде Ресейдің зейнетақы жүйесінің тапшылығы 50 пайызға жуықтап отыр. Бұл туралы Нью-Йорктегі Мәскеу биржасы форумында Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин мәлімдеді хабарлады ресейлік ақпарат құралдары. Кудрин енді үш жылдан соң – Ресейде президент сайлауы өткеннен кейін зейнетақы жасы ұлғайтылуы мүмкін деген болжам айтқан.

Оның сөзінше, Ресей үкіметі парламент және президент сайлаулары алдында көпшілікке ұнай қоймайтын шешім қабылдағысы келмейді. «Негізгі мәселе –демография мен зейнетке шығу жасын ұлғайту қажеттігіне қатысты, өйткені бүгінгі күні зейнетақы жүйесінің тапшылығы 50 пайызға жуықтап отыр» деген Кудрин.

Кеше Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев үкімет, тіпті ондай қадам бюджетке «айтарлықтай қаржы үнемдеуге» мүмкіндік берсе де, жақын уақытта зейнетке шығу жасын ұлғайтуды жоспарлап отырған жоқ деп айтқан еді.

Қыркүйек айының соңында Ресей парламентінде сөйлеген кезде қаржы министрі Антон Силуанов сақтандыру жарнасын ұлғайтпай-ақ зейнетақы жүйесін теңгерімге келтіру үшін елде зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесін шұғыл шешуге шақырған еді.

XS
SM
MD
LG