Accessibility links

"Левада-центр": Ресейліктердің үштен бірі Сирияға шабуылды қолдайды


Сириядағы ресейлік әскери ұшақтар. Латакия, 6 қазан 2015 жыл.

Сириядағы ресейлік әскери ұшақтар. Латакия, 6 қазан 2015 жыл.

Ресей қарулы күштерінің Сириядағы қақтығысқа қатысуы жайлы ресейліктер пікірі ондағы әскери операция басталғалы бері өзгерді деп хабарлады "Левада-центр" ұйымы.

Сауалнамаға қатысқандардың 47 пайызы "Ресей "Ислам мемлекеті" ұйымымен және оппозициямен күресіп жатқан Башар Асадты қолдауы керек" деп біледі. 28 пайызы оның қажеті жоғын айтады. Сұралғандардың үштен бірі Сириядағы содырларға әуеден соққы беруді қолдайды.

Ресейдің Сириядағы операциясынан бұрын 30 қыркүйекте жүргізілген сауалнамада жауап берушілердің көбі ол әрекетке қарсы болған еді. Ол кезде әскери шабуылды респонденттердің 14 пайызы ғана жақтаған. Ресейліктер "Мәскеу Асад билігін қолдауы керек" деп білген.

Жауап берген ресейліктердің жартысы Сириядағы соғысқа араласу Мәскеуге "екінші Ауғанстан" болып тиюі мүмкін деп қауіптенеді. 7 пайызы оған толық сенімді, 39 пайызы "әбден мүмкін" деп біледі.

XS
SM
MD
LG