Accessibility links

Астанада Назарбаев пен Порошенко кездесуі басталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко құрметті қарауыл алдынан өтіп келеді. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко құрметті қарауыл алдынан өтіп келеді. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенконың кездесуі басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі Ақордадан. Екі елдің президенттері ресми делегацияны қарсы алу рәсімі мен қос мемлекеттің әнұрандары орындалған соң келіссөздер залына өткен.

Бүгінгі кездесуде екі президент Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, агроөнеркәсіп, көлік, өнеркәсіп пен ғарыш салаларындағы екіжақты қарым-қатынастар жайын талқылайды деп жоспарланған. Сонымен бірге Назарбаев пен Порошенко Минск келісімдерін жүзеге асыру жөнінде де пікір алмасады деп хабарланды.

Порошенконың Қазақстанға тұңғыш сапары аясында Астанада қазақ-украин бизнес-форумы өтеді.

Петр Порошенко Астанаға қазанның 8-і кешкісін келген. Сол күні ол Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездескен. Бұл Порошенконың 2014 жылы Украина президенті болып сайланғаннан соң Қазақстанға алғашқы сапары. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр желтоқсанға Киевке сапармен барған. Сол жолы ол Украина жерінің тұтастығын Астананың қолдайтыны туралы мәлімдеген.

Ақордадағы Назарбаев пен Порошенко кездесуінен видео:

XS
SM
MD
LG