Accessibility links

СІМ-ге қарсы экс-консулдың шағымын сот қанағаттандырмады


Қазақстанның Сириядағы бұрынғы консулы Бабыр Дәуренбек. Астана, 19 маусым 2015 жыл.

Қазақстанның Сириядағы бұрынғы консулы Бабыр Дәуренбек. Астана, 19 маусым 2015 жыл.

Астананың Есіл аудандық соты бүгін экс-консул Бабыр Дәуренбектің Қазақстан сыртқы істер министрлігіне қарсы шағымын қанағаттандырмай тастады. Азаттыққа бұл туралы шағым иесінің адвокаты Айжан Сапарова хабарлады.

Оның айтуынша, 15 минутқа созылған сот отырысына сыртқы істер министрлігінен екі өкіл қатысқан. Адвокат сот шешімі қолға тиген соң апелляциялық шағым беретінін айтады.

Есіл аудандық соты экс-консул Бабыр Дәуренбектің Қазақстан СІМ-не қарсы шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарғанын Астана сотының баспасөз қызметі Азаттыққа растады.

Қазақстанның Сириядағы бұрынғы консулы Бабыр Дәуренбек сыртқы істер министрлігі өзін қызметке қайта қабылдауын талап етіп қыркүйектің ортасында сотқа шағымданған еді. Ол биыл көктемде шетелден Астанаға ротациямен кері шақырылған соң жұмыссыз қалғанын айтқан.

Биыл мамыр айында Сириядан Азаттыққа жолдаған ашық хатында дипломат сыртқы істер министрлігінің кадр саясаты мен кейбір Қазақстан елшіліктеріндегі жұмыстың ұйымдастырылуын сынаған еді.

XS
SM
MD
LG