Accessibility links

Назарбаев пен Порошенко «түсіністік» пен «сенім» жайлы айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко құрметті қарауыл алдынан өтіп келеді. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко құрметті қарауыл алдынан өтіп келеді. Астана, 9 қазан 2015 жыл.

Астанада Украина президенті Петр Порошенкомен өткізген келіссөздерден соң Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тараптар «көп мәселелер бойынша өзара түсіністік тапқаны» туралы мәлімдеген. Назарбаевтың сөзінше, кездесу барысында президенттер екі елдің саяси және экономикалық ынтымақтастығын талқылаған.

Порошенконың айтуынша, бетпе-бет кездесу жоспарланған 40 минуттан көп уақытқа жалғасып, қос президент маңызды тақырыптарды талқылап үлгерген. Ол екі мемлекет арасында «ел басшылары мен халықтар арасында орнаған өзара сенім мен құрметке негізделген саяси диалогты дамытуға ниеті үшін» Назарбаевқа ризашылығын білдірді. Сонымен бірге Порошенко өзі үшін Қазақстанның халықаралық құқықтың іргелі принциптеріне беріктігі, егемендік пен халықаралық деңгейде мойындалған мемлекет шекарасы аумағындағы жерінің тұтастығын құрметтейтіні зор маңызға ие екенін мәлімдеген.

Қос президенттің бұл кездесуі Украина мен Қазақстан арасында тауар айналымы көлемі азайған шақта өтіп жатыр. Назарбаевтың сөзінше, өзара сауданың бәсеңдеуі энергия көздері бағасының кемуіне, Батыс пен Украинаның Ресейге салған санкциялар мен оған Кремльдің қарсы шараларына байланысты болып отыр. Украина ресми органдарының мәліметі бойынша, бұл елдің Қазақстанмен жалпы сауда көлемі биылғы жылдың алғашқы жартысында 544,1 миллион долларды құраған.

Петр Порошенко Астанаға қазанның 8-і кешкісін келген. Сол күні ол Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездескен. Порошенконың сапары аясында Астанада бүгін қазақ-украин бизнес-форумы өтіп жатыр.

Бұл Порошенконың 2014 жылы Украина президенті болып сайланғаннан соң Қазақстанға алғашқы сапары.

Ақордадағы Назарбаев пен Порошенконың кездесуінен видео:

Сервердегі ақау

Oops, as you can see, this is not what we wanted to show you!

This URL has been sent to our support web team to look into it immediately. Our apologies.

Please use Search above to see if you can find it elsewhere

XS
SM
MD
LG