Accessibility links

Нобельдің бейбітшілік сыйлығы иегері анықталмақ


Нобель сыйлығын беру рәсімі. (Көрнекі сурет)

Нобель сыйлығын беру рәсімі. (Көрнекі сурет)

Норвегиядағы Нобель сыйлығы жөніндегі комитет 2015 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы лауреатын анықтап жатыр. Сыйлық иегерінің есімі бүгін Астана уақыты бойынша сағат 15 шамасында белгілі болады. ​

Сыйлықтан үміткер 273 адамның арасында Германия канцлері Ангела Меркель, Рим папасы Франциск, 1945 жылғы Хиросима мен Нагасакидегі атом бомбасынан аман қалған 83 жастағы Сецуко Турлоу мен 86 жастағы Сумитеру Таниути бар. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары да кандидаттар қатарында. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф те - сыйлыққа үміткер.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына кандидаттары қатарында ресейлік «Новая газета» басылымы, тұтқынға түскен сауд блогері Раиф Бадави, америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден де бар.

Бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін жеке тұлғалар мен ұйымдарға берілетін бұл сыйлық Ослодағы Нобель комитеті анықтауы бойынша 1901 жылдан бері тапсырылып келеді.

XS
SM
MD
LG