Accessibility links

Бейбітшілік Нобель сыйлығы - тунистік ұйымда


Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған "Тунистің ұлттық диалог төрттігі" ұйымының мүшелері. Осло. 9 қазан 2015 жыл.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған "Тунистің ұлттық диалог төрттігі" ұйымының мүшелері. Осло. 9 қазан 2015 жыл.

2015 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы "Тунистің ұлттық диалог төрттігі" ұйымына берілді.

Ұйым сыйлықты 2011 жылғы Тунистегі "Жасмин революциясынан" кейін елдегі саяси жағдайды тұрақтандыруға қосқан үлесі үшін алды.

Бейбітшілік саласындағы сыйлыққа үміткер 273 адамның арасында Германия канцлері Ангела Меркель, Рим папасы Франциск, 1945 жылғы Хиросима мен Нагасакидегі атом бомбасынан аман қалған 83 жастағы Сецуко Турлоу мен 86 жастағы Сумитеру Таниути бар. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары да үміткерлер қатарында болған.

Бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін жеке тұлғалар мен ұйымдарға берілетін бұл сыйлық Ослодағы Нобель комитеті анықтауы бойынша 1901 жылдан бері тапсырылып келеді.

Былтыр бейбітшілік саласы бойынша сыйлықты пәкістандық құқық қорғаушы қыз Малала Юсафзай мен үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхиге тапсырылған.

XS
SM
MD
LG