Accessibility links

Қазақстан құрамасы "Еуразия барысында" жеңді


Қазақ күресінен Қазақстан құрамасы "Еуразия барысы" жарысында. Тараз, 9 қазан 2015 жыл (Сурет жарыстың ұйымдастыру комитетінен алынды).

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасы "Еуразия барысы" жарысында. Тараз, 9 қазан 2015 жыл (Сурет жарыстың ұйымдастыру комитетінен алынды).

Таразда қазақ күресінен өткен халықаралық "Еуразия барысы" жарысында Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 5:2 есебімен жеңді. Ал қола медальді Грузия құрамасы иеленді. Олар қолаға таласта Ресейден басым түсті.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресейді, Өзбекстан Грузияны жеңген.

"Еуразия барысы" жарысы алғаш 2013 жылы ұйымдастырылып, сол жылы Моңғолия құрамасы жеңіске жеткен. Ал былтыр Қазақстан құрамасы бірінші орын алған. Биылғы жарыс Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

XS
SM
MD
LG