Accessibility links

«Жат» фильмі «Оскар» үміткерлері тізіміне енді


«Жат» фильмінің кадры. 23 қыркүйек 2015 жыл.

«Жат» фильмінің кадры. 23 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақ режиссері Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі «Оскар» жүлдесінен үміткер шетелдік 81 туындының қатарына енді.

Бұл туралы oscars.org сайты хабарлап, жүлдеден үміткер шетелдік фильмдердің тізімін жариялады. Сайт ақпаратына қарағанда, тізімге тұңғыш рет Парагвай елінің фильмі қосылған.

«Шет тілдерде» (ағылшын тілінен өзге - ред.) түсірілген «Оскар» жүлдесінен үміткерлер арасында Қазақстанды қосқанда постсоветтік үш ел - Қырғызстанның «Көктегі қоныс» фильмі (режиссері Мирлан Әбдіқалықов - ред.) мен Ресейдің «Солнечный удар» (режиссері Никита Михалков - ред.) туындысы бар.

«Оскар» байқауының нәтижесі 2016 жылы 14 қаңтар күні жарияланады.

XS
SM
MD
LG