Accessibility links

АҚШ Польшада әскери техникасын орналастырады


АҚШ әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

АҚШ әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Польша мен АҚШ поляк территориясында америкалық ауыр техника орналастыру туралы келісімге қол қойды.

Польшада АҚШ техникасын орналастыратын базаларды ұйымдастыруға 1 миллиард доллар бөлінеді. Бұл жөнінде АҚШ президенті Барак Обама Варшаваға келген кезінде мәлімдеді.

“Польшаның бес жерінде – Сквежин, Цеханув, Дравск Поморски, Ласк және Хошцинде АҚШ техникасы қоймалары орналасады” деді Польшаның қорғаныс министрі Томаш Семоняк.

Министр бұрынырақта қоймалардың 2016 жылдың ортасына таман дайын болатынын хабарлаған еді. Осы уақытқа қарай Польшада АҚШ әскерінің қатысуымен “Анаконда” аталатын жаттығулар өтпек. Жаттығуға әкелінген АҚШ техникасы шара аяқталған соң Польша территориясында қалады.

XS
SM
MD
LG