Accessibility links

Еуро-2016. Қазақстан Голландиядан жеңілді


Футболдан Қазақстан құрамасы.

Футболдан Қазақстан құрамасы.

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2016 турниріне іріктеу барысында Астанада Голландия құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтың 33-минутында Голландия құрамасының ойыншысы Джорджинио Вейналдум есеп ашса, 50-минутта Уэсли Снейдер есепті 2:0-ге жеткізді. Ал ойын соңында Қазақстан құрамасының сапынан Исламбек Қуат гол салды.

Бұл - Қазақстанның іріктеу жарысындағы тоғызыншы матчы. Қазақстан тоғыз матчтың тек екеуінде ғана тең ойнап, қазір А тобында екі ұпаймен соңғы орында тұр.

Қазақстан іріктеудегі соңғы ойынын 13 қазанда Ригада Латвия құрамасымен өткізеді. Бұл ойынның нәтижесіне қарамастан Қазақстан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу мүмкіндігінен айырылды. А тобынан Чехия мен Исландия Еуропа чемпионатына жолдама алып қойды.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG