Accessibility links

Қазақстандық екі боксшы ӘЧ 1/2 финалына өтті


Қазақстан құрамасының боксшысы Данияр Елеусінов.
Қазақстан құрамасының боксшысы Данияр Елеусінов.

Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның екі боксшысы жартылай финалға шықты.

69 килограмда 2013 жылғы әлем чемпионаты Данияр Елеусінов ширек финалда филиппиндік Еумир Марсиалды жеңіп, жартылай финалға шықты. Енді ол әзербайжандық Парвиз Вагировпен кездеседі.

+91 килограмда Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко германиялық Флориан Шульцты жеңді. Ол енді жартылай финалда өзбекстандық Бахадор Жалоловпен кездеседі.

2013 жылғы әлем чемпионатында алтын алған Жәнібек Әлімханұлы, Лондон олимпидасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов және биылғы Азия чемпиондары Олжас Сәттібаев пен Василий Левит ширек финалда қарсыластарынан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады.

2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан төрт алтын, бір күміс, үш қола медальмен жалпы есепте бірінші орын алған.

Дохадағы әлем чемпионаты 16 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG