Accessibility links

Назарбаев Ердоғанға терактіге қатысты көңіл айтты


Анкарадағы жарылыста құрбан болғандарды еске алуға келгендер әкелген гұлдер. Стамбул, 10 қазан 2015 жыл.
Анкарадағы жарылыста құрбан болғандарды еске алуға келгендер әкелген гұлдер. Стамбул, 10 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкарада болған жарылыстарға байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Жеделхатта қайғылы оқиғаның салдарынан бейбіт шеруге қатысқан көптеген жазықсыз азаматтар қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды елбасы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған» делінген ресми ақпаратта.

Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өз атынан бауырлас түрік халқына, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Қазанның 10-ы Анкарада адамдар түрік әскері мен елде қызметіне тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының қарулы жасағы арасындағы соғысқа қарсы «бейбіт маршқа» жиналып жатқанда екі жарылыс болған.

Соңғы деректер бойынша, жарылыстан 90-нан аса адам қаза тауып, екі жүзден астам адам жараланған. Премьер-министр Ахмет Дәуітоглу жарылыстарды екі жанкешті жасаған деген болжам барын мәлімдеген.

Қайғылы оқиғаларға байланысты Түркия үкіметі елде үш күндік аза тұту жариялады.

XS
SM
MD
LG