Accessibility links

Египет Франциядан екі «Мистраль» сатып алады


Франция Ресей үшін құрастырған «Севастополь» (оң жақта) және «Владивосток» де аталатын «Мистраль» кемелері. Сен-Назер верфі, Франция, 21 мамыр 2015 жыл.
Франция Ресей үшін құрастырған «Севастополь» (оң жақта) және «Владивосток» де аталатын «Мистраль» кемелері. Сен-Назер верфі, Франция, 21 мамыр 2015 жыл.

Египет Францияның Ресейге арнап жасаған тікұшақ таситын екі «Мистраль» кемесін сатып алу туралы келісімге қол қойды. Екі тарап келісімге қазанның 10-ы күні Франция премьер-министрі Мануэль Вальсаның Египетке сапары кезінде қол қойған.

Бұған дейін, қыркүйектің 23-і күні Франция президенті Франсуа Олланд кеме сату туралы Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сисимен келіскенін мәлімдеген еді.

Әу баста Франция екі «Мистраль» кемесін Ресейге арнап құрастырған еді. Бірақ кейін, Украинадағы жанжалға байланысты Париж Мәскеуге ол кемелерді сатудан бас тартқан.

Францияға әрқайсысы 16 тікұшақ, төрт десант қайығы мен 13 танк алып жүретін құны 1,4 миллиард долларлық кемелер жасауға Ресей 2011 жылы тапсырыс берген.

XS
SM
MD
LG