Accessibility links

Түркістанда төрт адамды атып өлтірген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында төрт адамды атып өлтіріп, тағы екі кісіні жаралаған деген күдікті ер адамның өзі де ауруханаға түскен деп хабарлады Tengrinews сайты.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сенбі күні болған. Полицияның болжамы бойынша, 30 жастағы тұрғын екі бауырын, әйелі мен бас жасар қызын тапаншадан атып өлтірген соң өз-өзін атып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің өзі және оқ тиіп жараланған анасы мен 6 жастағы ұлы қазір Түркістан қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлаған полиция.

Бұл қылмыстық оқиға бойынша тергеу амалдары басталған.

XS
SM
MD
LG