Accessibility links

Ресейде ұшақ апатынан екі адам қаза тапқан


Ресейдің Ханты-Мансийск аймағында. 19 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Ханты-Мансийск аймағында. 19 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейде Ханты-Мансийск автономиялық округінде суға қонатын ұшақ апатқа ұшарып, екі адам мерт болған деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі аймақтық басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, апатқа ұшыраған ұшақты Ханты-Мансийскіден 27 шақырым жердегі Мухрино көлі маңынан ұшып өтіп бара жатқан тікұшақтағылар байқап қалған. Олар ұшақты басқарған ұшқыш қаза тауып, жолауышының жараланғаны туралы хабарлаған.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жаралы жолауышыны тікұшаққа салып, Ханты-Мансийск қаласына әкеле жатқанда ол жол-жөнекей қайтыс болған" деп хабарлаған төтенше жағдайлар аймақтық басқармасы баспасөз қызметінің өкілі. Ұшақ апаты салдарынан қаза тапқан екеудің денелерін құтқарушылар Ханты-Мансийскіге жеткізген.

Қазір ол ұшақтың кімдікі екені және қайда бармақ болғаны анықталып жатыр деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG