Accessibility links

Иран алысқа ұшатын зымыранын сынақтан өткізген


Иранның баллистикалық зымыраны сынағы. (Көрнекі сурет)
Иранның баллистикалық зымыраны сынағы. (Көрнекі сурет)

Иран бүгін алыс қашықтыққа ұша алатын зымыранды сынақтан сәтті өткізгені туралы мәлімдеген.

«Бұл Иранның нысанаға жеткенше басқаруға болатын, алысқа ұшатын алғашқы зымыраны» деп мәлімдеген Иран қорғаныс министрі Хосейн Дехган.

Зымыран сынағы нақты қай кезде өткізілгені хабарланған жоқ.

Иранның «Фарс» жаңалықтар агенттігі «Эмад» деп аталатын жаңа зымыранның суретін жариялаған. Бірақ, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары оның қандай қашықтыққа ұша алатыны және өзге деректері жөнінде еш мәлімет келтірмеген.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иран өз ядролық бағдарламасы туралы келісімге қол қойған соң қабылдаған қарарында ресми Тегеранды баллистикалық ядролық қару жеткізуге керекті зымыран жасау технологиясына байланысты кез-келген іс-әрекеттен бас тартуға шақырған еді.

Биыл шілденің 14-і күні Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасын тоқтату жөнінде келісімге келген еді. Бұның қарымтасы ретінде Тегеран өзіне қарсы салынған халықаралық санкцияларды алып тастауды талап еткен.

XS
SM
MD
LG