Accessibility links

«Росбалт»: Немцов қазасы жайлы істе сараптама аяқталды


Борис Немцов қаза тапқан жерде саясаткердің суреті мен гүл қойып жатқан адамдар. Мәскеу, 28 ақпан 2015 жыл.
Борис Немцов қаза тапқан жерде саясаткердің суреті мен гүл қойып жатқан адамдар. Мәскеу, 28 ақпан 2015 жыл.

Ресей тергеу комитеті оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтіру ісіне қатысты барлық сараптамаларды аяқтады деп хабарлады бүгін «Росбалт» агенттігі құқық органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.

Барлығы 51 сараптама жүргізілген. Енді олардың қортындыларымен зардап шегушілердің және айыпталушылардың адвокаттары танысуы тиіс.

Оларға материалмен танысуға екі ай уақыт кетуі мүмкін деген болжам айтылып отыр. Одан соң қылмыстық іс бойынша күдіктілерге түпкілікті айыптар тағылатын болады. Әзірше кім екені анықталмаған кісі өлтіруге тапсырыс берушілерге қатысты материалдар жеке өндіріске алынады.

Агенттіктің хабарлауынша, тергеу комитетіндегілер Руслан Геремеев пен Руслан Мухудиновқа сырттай айып тағу керек пен жоқ әлде оларды куәгерлер санатында қалдырған жөн бе деген мәселеде әлі түпкілікті шешімге келе алмай отыр.

Қылмыстық іс бойынша тұтқындалған Заур Дадаев, Анзор және Шадид Губашевтер, Тамерлан Эскерханов пен Хамзат Бахаевқа тергеу комитеті қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау туралы айып тақпай, «заңсыз қару-жарақ сақтау» және «жалдау бойынша кісі өлтіру» баптары бойынша айыптар тағумен шектелуді ұйғарған деп жазады «Росбалт».

Ресейлік оппозиция қайраткері Борис Немцов 2015 жылы ақпанның 27-і күні Мәскеудің орталығында қастандық құрбаны болған еді.

XS
SM
MD
LG