Accessibility links

Қырғыз түрмесінен қашқан 9 адамның бесеуі ұсталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Шу облысындағы Төмөнкү Нооруз ауылында уақытша қамау абақтысынан қашып шыққан тоғыз тұтқынның бесеуі ұсталды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Мемлекеттік жазаны атқару қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, №50 уақытша қамау абақтығысынан 12 қазанға қараған түні 9 тұтқын қашып кеткен. Тұтқындардың жолын бөгеген абақтының үш қызметкері қаза тауып, біреуі ауыр жараланған. Абақтыдан қашып шығу кезінде тұтқындардың бірі қарауыл оғынан жараланған.

Мемлекеттік жазаны атқару қызметі қызметкері ішкі істер министрлігіне тұтқындардың қашып кеткенін және олардың қандай көлікті айдап әкеткенін хабарлаған. Милиция іздеу операциясы кезінде тұтқындар айдап әкеткен көлікті тапқан. Қашқан тоғыз тұтқынның бесеуі ұсталып, жараланған біреуі ауруханаға жатқызылған. Төртеуі іздестіріліп жатыр.

Мемлекеттік жазаны атқару қызметінің мәліметінше, әлі ұсталмаған төрт тұтқынның екеуі өмір бойына түрме жазасын өтеп жатқан, екеуі тергеуде болған. Олардың барлығы діни экстремизм, терроризм айыбы бойынша сотқа тартылған. Кейбір мәліметтер бойынша, абақтыдан қашқандардың көбі Қырғызстанда тыйым салынған "Жайшуль Махди" террористік ұйымына мүше болған.

XS
SM
MD
LG