Accessibility links

"Жас Алаш" сотына журналистерді кіргізбеді


"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы басылым үстінен түскен шағым бойынша сотта отыр. Алматы, 12 қазан 2015 жыл.

"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы басылым үстінен түскен шағым бойынша сотта отыр. Алматы, 12 қазан 2015 жыл.

Алматының Алмалы аудандық 2-сотында бүгін "Жас Алаш" газетінің үстінен жазылған шағым бойынша сот отырысы жабық түрде басталды. Судья Айнұр Бейсеуова сот отырысына журналистерді кіргізбеді. Сот Тибет медицинасы орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының шағымы бойынша өтіп жатыр. Шағымданушы "Жас Алаш" газетінің шуығуын алты айға тоқтатып, өзіне 400 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етеді.

Сотта басылымның бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы газет пен Тибет медицинасы орталығының заңды тіркелген мекен-жайы Алмалы ауданында емесін айтып және сотқа журналистердің кіргізілмеуіне наразылық танытып, судьяға қарсылық білдірді. Сәрсенбайұлының сөзінше, сот Алмалы ауданында өтпеуі тиіс. Судья ақылдасуға кетті.

Сотқа жауапкер ретінде Жасан Зекейұлының бұрынғы әйелі мен қызы келді.

Жасан Зекейұлы соттан газеттің шығуын алты айға тоқтатуды, басылым мен тағы үш адамға жиыны 400 миллион теңге (1 миллион 500 мың долларға жуық - ред.) өтемақы төлетуді сұрайды. Оның ішінде «Жас Алаш» газетіне «тиесілі» сома - 100 миллион теңге (370 мың доллардай ақша - ред.). Шағымданушы қалған 300 миллион теңгені өзінің бұрынғы әйелі, бұрынғы қайын атасы және "Жас Алаштың" бір оқырманынан теңдей 100 миллионнан өндіріп беруді талап етеді. Жасан Зекейұлы газеттің жазбаша түрде кешірім сұрауын да талап еткен.

Бұған дейін шағымға қатысты екі рет алдын-ала тыңдау өткен.

XS
SM
MD
LG