Accessibility links

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс бүгін жарияланған WTA рейтингінде 45-орыннан 54-орынға төмендеді.

Ол Пекинде өткен Қытай ашық чемпионатының бірінші айналымында жеңілген еді. Осыдан кейін Дияс биылғы маусымды аяқтайтынын мәлімдеп, Гонконгтағы жарысқа қатысудан бас тартқан.

Дияс жыл басында 32-орында болған. АҚШ ашық чемпионатының бірінші кезеңінен өте алмаған соң рейтингте төмендей бастады.

Дияс 54-орынға түссе де Қазақстанның бірінші ракеткасы дәрежесін сақтап тұр. Қазір қазақстандық Юлия Путинцева 83-орында, Ярослава Шведова 85-орында.

Рейтингте америкалық Серена Уильямс бірінші орында.

XS
SM
MD
LG