Accessibility links

Кишиневте шерушілер жолды жапты


Полиция парламент үйі алдындағы шерушілермен теке тіресіп тұр. Кишинев, Молдова, 4 қазан 2015 жыл.
Полиция парламент үйі алдындағы шерушілермен теке тіресіп тұр. Кишинев, Молдова, 4 қазан 2015 жыл.

Молдова астанасы Кишиневте бүгін жүздеген адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, орталық көшені жапты.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, 400-ге тарта шеруші Кишиневтегі Ұлы Стефан бульварына ондаған көлікті қойып тастаған. Шеруді саясаткер Ренато Усати басқаратын ресейшіл "Біздің партия" ұйымдастырған.

Молдовада наразылық акциялары 6 қыркүйектен бері өтіп келеді. Шерушілер 2014 жылы қарашада елде парламент сайлауы өткенге дейін молдовалық үш банктен 1,5 миллиард АҚШ долларының жымқырылуын тергеуді талап етеді. Олар алаңда шатыр тігіп, апталап наразылық танытқан.

Үкімет қаржы жымқырылуына қатысты тергеу жүргізуге уәде берді.

XS
SM
MD
LG