Accessibility links

Қытай Қазақстан армиясына техника бермек


Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет).

Қазақстан әскері. (Көрнекі сурет).

Қытай Қазақстан армиясына қайтарымсыз түрде техника беретін болды деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігі. Бұл туралы келісімге бүгін Қазақстан қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Қытай қорғаныс министрі Чан Ваньцюан кездесуінде қол қойылған.

Келісім бойынша, Қытай Қазақстан қарулы күштеріне тралдары бар техника мен жүк тиеп, түсіретін платформалар бермек.

Министрлік Қазақстан Қытаймен бірге әскер дайындау, қарулы күштер арнайы жасағының қалалық жерлерде әрекет етуге дайындауға мүдделі екенін айтады. Таяу уақытта Қазақстан мен Қытай аумағында бірлескен тактикалық антитеррорлық жаттығулар өткізу жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG