Accessibility links

Душанбеде Орталық Азия қор биржасы ашылды


Орталық Азия қор биржасының кеңсесі. Душанбе, 12 қазан 2015 жыл
Орталық Азия қор биржасының кеңсесі. Душанбе, 12 қазан 2015 жыл

Тәжікстан ел тарихындағы алғашқы құнды қағаздар рыногын ашық деп жариялады. Қазанның 12-сінен бастап Душанбеде Орталық Азия қор биржасы жұмыс істей бастады.

Билік өкілдері дүйсенбі күні Душанбеде ашылған Орталық Азия қор биржасы жергілікті және шетелдік компаниялардың тәжік экономикасына инвестиция салуына игі әсер етеді деп үміттенеді. Осы қор биржасы арқылы қаржы операциясын жасаушылар алғашқы бес жыл бойы салықтан босатылмақшы.

Биыл сәуір айында құрылған Орталық Азия қор биржасының бас әріптесі – халықаралық GMEX Technologies компаниясы.

XS
SM
MD
LG