Accessibility links

Қазақстандық боксшылар ӘЧ финалына өтті


Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов.
Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов.

Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалы өтіп, екі қазақстандық боксшы финалға шықты.

69 килограмда 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов жартылай финалда әзірбайжандық Парвиз Багировты жеңді. Үш төреші де жеңісті Қазақстан боксшысына берді. Ол енді финалда марокколық Мохаммад Раббимен кездеседі. Елеусінов әлем чемпионатының финалына шығу арқылы Рио-де-Жанейро олимпиадасының да жолдамасын иеленді.

+91 килограмм салмақта Лондон олимпиадасының қола, былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Иван Дычко жартылай финалда өзбек Баходор Жолиловпен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Дычко финалда франциялық Тони Йокамен кездеседі.

Қазақстан биылғы әлем чемпионатына сегіз боксшы апарған. Оның алтауы жартылай финалға шыға алмады.

2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан төрт алтын, бір күміс, үш қоламен жалпы есепте бірінші орын алған еді.

XS
SM
MD
LG