Accessibility links

Талибан ауған телеарналарын "нысанаға" алмақ


Кундуз қаласында жүрген талибтер. Ауғанстан, 29 қыркүйек 2015 жыл.
Кундуз қаласында жүрген талибтер. Ауғанстан, 29 қыркүйек 2015 жыл.

Ауғанстанда талибтер екі ірі телеарна мен олардың қызметкерлерін өздерін "құрметтемейтін және жаулық әрекеттері" үшін өз нысаналарына алатынын хабарлады.

"Талибан" 12 қазанда жариялаған мәлімдемесінде Ауғанстанда талибтерді сынайтын Tolo TV мен 1TV телеарналарын "үгіт-насихат құралы" деп атады. Бұл телеарналар Кундуз уәлаятындағы оқиғаларды, оның ішінде содырлардың Кундуздың солтүстігінде әйелдерді зорлағаны туралы хабарлар таратқан.

Талибтер мұндай ақпараттарды жоққа шығарып, телеарналарды бұдан былай ақпарат құралдары деп танымайтынын және өздерінің "әскери нысанасына" алатынын мәлімдейді. Tolo TV басшысы Саад Мохсени талибтердің қоқан-лоққысы телеарна жұмысына кедергі келтірмейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG