Accessibility links

Ахметов сотында экс қаржы полицелерін сөйлетуді сұрады


Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің және Қарағанды облысы мен қаласы әкімдіктерінің бұрынғы шенеуніктерінің соты. Қарағанды, 2 қазан 2015 жыл.
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің және Қарағанды облысы мен қаласы әкімдіктерінің бұрынғы шенеуніктерінің соты. Қарағанды, 2 қазан 2015 жыл.

Қарағандыда өтіп жатқан бұрынғы премьер Серік Ахметов пен Қарағанды облысындағы бұрынғы шенеуніктердің сотында бесінші эпизод бойынша тыңдау басталды. Бүгінгі сотта сотталушылар судьяға бірнеше өтініш білдірді.

Кейбір сотталушылар соттан қаржы полициясы мемлекеттік қызмет істері және коррупциямен күрес агенттігі болып қайта құрылғанда қызметтен босатылған бұрынғы қаржы полициясының бірнеше қызметкерін куәгер ретінде тартуды сұрады. Сотталушылардың сөзінше, қызметтен босаған қаржы полицейлері сотта маңызды мәлімет айтып, "шын мәнінде бұрынғы шенеуніктердің қалай ұсталғаны мен істің қалай жүргізілгенін" айтып беруге даяр.

Сотталушылар бұған қоса айыптаушы жақ сот ісіне шенеуніктерді тұтқындауға қатысты деп қосқан, Жаңабергенов деген қаржы полициясы қызметкерін де тауып, сотқа әкелуді сұрады. Кейбір сотталушылар Жаңабергенов деген қызметкердің қаржы полициясында жұмыс істегеніне күмәнданады.

Сот бүгін сотталушы, Eco Treatment System және Sapa Project Group компанияларының жетекшісі Думан Нұрбаевтың қатты науқастанғанына байланысты оған бөлек іс арнауға шешім шығарды.

Бұған қоса бүгін сот Қарағанды полициясы Ахметовтің туыстарынан түскен қазақстандық ақпараттық сайтты Серік Ахметов пен Данияр Ахметовке қатысты "жалған ақпарат" таратты деп айыптап, жауапқа тарту туралы шағымына қол қойғанын хабарлады.

Серік Ахметов пен Қарағанды облысы мен қаласындағы бұрынғы шенеуніктердің ісіне қатысты іс тамыз айында басталған. Сотта барлығы 21 адамға «қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланған, «бюджет қаржысын жымқырған» және «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан» деген айыптар тағылып отыр. Бұларға қоса, Серік Ахметов «аса ірі көлемде пара алған» деген күдікке ілінген. Сот тыңдауы барысында сотталушылардың кейбіреулері тергеу кезінде өздеріне қысым жасалғаны туралы мәлімдеп, кейбірі бұған дейінгі берген куәліктерінен бас тартқан.

XS
SM
MD
LG