Accessibility links

Нидерландының адам құқығы жөніндегі өкілі Қазақстанда жүр


Нидерланд туы. (Көрнекі сурет).

Нидерланд туы. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда Нидерланд корольдігі сыртқы істер министрлігінің адам құқығы жөніндегі елшісі Кейс Ван Бар сапарлап жүр.

Нидерландының Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, Кейс ван Бар Қазақстанға 12 қазанда төрт күнге келген. Сапарын Атырауда бастаған елші 13-14 қазанда Астанада, 15 қазанда Өскеменде, ал 16 қазанда Алматыда болады.

Елшіліктің мәліметінше, Кейс ван Бар Қазақстанға осындағы серіктестерімен институционалдық реформалар барысы мен құқық қорғау ұйымдарының қызметі туралы диалог орнату мақсатында келген. Сапар барысында Кейс ван Бар Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен, үкіметтік емес ұйымдары, бизнес, азаматтық қоғам өкілдерімен, журналистермен және кәсіподаұы жетекшілерімен кездеспек.

Кейс ван Бар бұған қоса бүгін кешке Астанада Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге Нидерландының адам құқығы саласындағы саясаты туралы дәріс оқиды деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG