Accessibility links

Македонияның 10 азаматына айыппұл салынды


Астана әуежайы. (Көрнекі сурет).
Астана әуежайы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан территориясында "тіркеусіз жүрген" Македонияның он азаматы анықталып, айып салынды деп хабарлады бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Македония азаматтарының Қазақстанда заңсыз жүргенін Астана әуежайында ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаменті қызметкерлері анықтап, әрқайсысына 15 айлық есептік көрсеткіш (29730 теңге) көемінде айыппұл салған. Бұған қоса македониялықтарды Қазақстанға алдырған фирма жетекшісіне де шетелдіктерді уақытында тіркетпегені үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (19820 теңге) айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG