Accessibility links

Мәжіліс депутаты Сәкен Жылқайдаров қайтыс болды


Парламент мәжілісі. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі. (Көрнекі сурет).

Мәжіліс депутаты Сәкен Жылқайдаров қайтыс болды деп хабарлайды Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған ресми агенттік. Жылқайдаров 1956 жылы Алматы облысында туған.

Сәкен Жылқайдаров 2012 жылы "Нұр Отан" партиясы атынан 4-шақырылымдағы мәжіліс депутаты болып сайланған. Бұған дейін ол алматы облысы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі, қала әкімінің орынбасары болған.

Марқұмның неден көз жұмғаны айтылмайды.

XS
SM
MD
LG