Accessibility links

Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілді


Айдын Айымбетов ғарышқа ұшар алдында. Байқоңыр, 2 қыркүйек 2015 жыл.

Айдын Айымбетов ғарышқа ұшар алдында. Байқоңыр, 2 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов "Халық қаһарманы" атағымен марапатталды. Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев марапаттау туралы жарлығында Айымбетовті "Ғарыш кеңістігін игерудегі еңбегі, ғарышқа ұшқандағы қаһармандығы мен ерлігі үшін" марапаттайтыны айтылған.

Айымбетовке бұған қоса ерекше айырым белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені берілген.

Айдын Айымбетов 2 қыркүйекте "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесі экипажы құрамында ғарышқа ұшып, 12 қыркүйекке дейін Халықаралық ғарыш станциясында болған. Станцияда болған кезінде ол Қазақстанның ғылыми бағдарламаларымен жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG