Accessibility links

Алматыда трамвай бірнеше көлікпен соқтығысты


Алматыдағы трамвай деполарының бірі. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы трамвай деполарының бірі. (Көрнекі сурет).

Алматы полициясы Мақатаев көшесінде трамвайдың қатысуымен болған кезекті жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 13 қазан күні сағат 20 шамасында Мақатаев көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай келе жатқан 6-маршруттағы трамвай Сейфуллин көшесімен қиылыста 11 көлікпен соқтығысқан. Бұдан соң да жүрісін жалғастырған трамвай Байтұрсынов көшесінде тағы үш көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Жол-көлік оқиғасына не себеп екені әзәрге белгісіз.

Оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабы ("көлік құралын басқарған адамның жолда жүру немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзуы") бойынша тергеу басталып, сараптама тағайындалған.

Бұған дейін, 21 қыркүйекте Алматыдағы Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында трамвай 14 жеңіл көлікті соғып, салдарынан төрт адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG