Accessibility links

Украина Донбаста әуе кеңістігін жабуға қарсы


Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин.

Украина малайзиялық ұшақ атып түсірілген елдің шығысында әуе кеңістігін жабуға қарсылық танытып, Киев бұл аймақта зениттік қару қолданылғанынан "хабарсыз болғанын" мәлімдеді.

2014 жылы 17 шілдеде Украинаның шығысындағы украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыс аймағында Malaysian Airlines компаниясының Boeing ұшағы апатқа ұшыраған. Кеше апатты зерттеген Нидерланд қауіпсіздік кеңесі ұшақты Укринаның шығысынан атылған ресейлік "Бук" зымыраны атып түсірді деген қорытындысын жария еткен.

Нидерланд мамандары ұшақ апатына нақты бір тарапты кінәламағанымен, Украина қақтығыс аймағындағы әуе кеңістігін жабуы тиіс және бұл аймақтан ұшатын 61 рейске "үлкен қауіп төніп тұр" деп тануы қажет дейді.

Ресей бұл зерттеу қорытындысымен келіспейді. Ресейлік «Алмаз-Антей» қару-жарақ өндірушісінің уәжі бойынша, ұшақты "Буктың" ескірген түрімен украин әскерилері атып түсірген.

"Ол кезде ешкім Ресей қолдайтын сепаратистерде жоғары дәлдіктегі зениттік зымыран қаруы барын білген жоқ. Украина билігі ол кезде сепаратистер қарапайым қаруларды қолданып жүр деп ойлаған" деп мәлімдеді Украина қорғаныс министрі Павел Климкин.

Украинаның MH17 рейсі апатын тергеу тобының жетекшісі Геннадий Зубко Киев белгіленген ережеге бағынғанын айтты.

"Халықаралық азаматтық авиация ұйымының барлық ұсыныстарын орындадық. Украина 9 мың 750 метрден төмен барлық ұшақтар үшін әуе кеңістігін жапты" деді Зубко.

Былтыр Украина әскері мен ресейшіл сепаратистердің Донбастағы қарулы қақтығысы шиеленіскен тұста осы аймақтың үстімен ұшып бара жатқан малайзиялық MH17 жолаушылар ұшағы әуеде жарылып, жерге құлаған еді. Борттағы 298 адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG