Accessibility links

Трамвай мен көліктер соқтығысынан 5 адам зардап шекті


Алматыдағы трамвай деполарының бірі. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы трамвай деполарының бірі. (Көрнекі сурет).

Алматыда трамвайдың бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысуынан бес адам зардап шекті деп хабарлады бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков.

Оның сөзінше, зардап шеккен бес адамның үшеуі аурухананың қабылдау бөліміне әкелінген. Дәрігерлер олардың екеуін тексеріп, үйлеріне қайтарған. "Бір адам қалалық 7-ауруханаға жеткізілді. Оған басын аздап ауыртып алған деген диагноз қойылды. Тағы бір науқасты жансақтау бөліміне жатқыздық. Оған бас сүйегі мен миына ауыр зардап келген деген диагноз қойылды. Жағдайы ауыр" деді Исабеков.

Алматыда 13 қазан күні сағат 20 шамасында Мақатаев көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай келе жатқан 6-маршруттағы трамвай Сейфуллин көшесімен қиылыста 11 көлікпен соқтығысқан. Бұдан соң да жүрісін жалғастырған трамвай Байтұрсынов көшесінде тағы үш көлікпен соқтығысқан. Қалалық ішкі істер департаменті оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу бастап, сараптама тағайындаған.

XS
SM
MD
LG