Accessibility links

Қырғызстан: Түрмеден қашқандар ел аумағында жүр


Қырғызстан түрмесінен қашқан сотталушылардың суреттері.

Қырғызстан түрмесінен қашқан сотталушылардың суреттері.

Қырғызстанда түрмеден қашқан тұтқындар ел аумағында жүр деп хабарлады ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бақыт Сеитовтің айтуынша, қазір мемлекеттік шекара қызметі мен кеден қызметі қашқандарды іздестіріп жатыр. Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары қашқан тұтқындарға халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлаған еді. Бірақ Сеитов әзірге мұндай шешім қабылданбағанын айтты.

12 қазанға қараған түні Шу облысының Төмөнгу Нооруз ауылындағы №50 түрмеден 9 адам қашып кеткен. Тұтқындарды тоқтату кезінде түрменің үш қызметкері қаза тауып, біреуі ауыр жараланған. Кейін іздеу кезінде бес тұтқын ұсталып, төртеуі қашып кеткен. Түрме қарауылы оғынан жараланған бір тұтқын ауруханаға жатқызылған.

Қырғызстан билігі қашқандардың кейбірі тыйым салынған экстремистік "Жайшуль Махди" деп аталатын ұйымға қатысы бар дейді.

Бұдан соң Қырғызстан шекарада бақылауды күшейтіп, қашқандарды ұстауға "Қолға түсіру" операциясын бастаған. Бұл операция Қазақстанның Қырғызстанмен шектес Жамбыл облысы аумағында да енгізілген.

XS
SM
MD
LG