Accessibility links

БҚО-да 4 тұрғын терроризм айыбымен сотқа тартылды


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында "терроризмді насихаттады" деген айыппен төрт адамның үстінен сот басталды деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бөрілі ауданының Ақсай қаласының тұрғындарына "топ болып терроризмді насихаттады" деген айып тағылған. Сот айыпты деп тапқан жағдайда оларға бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкі тәркілену жазасы кесілуі ықтимал.

XS
SM
MD
LG