Accessibility links

"Антонов" ұшақтарын жаңалауға келісім жасалды


Ан-2 ұшағы. (Көрнекі сурет).
Ан-2 ұшағы. (Көрнекі сурет).

Қазақстанның "Қазақстан авиация индустриясы" компаниясы мен Украинаның әскери экспорттық "Укрспецэкспорт" компаниясы Ан-2 ұшақтарын модернизациялау туралы келісім жасасты. Қазақстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, келісімде Ан-2 және Ан-2-100 ұшақтарының қозғалтқыштарын ауыстыру және "Қазақстан авиация индустриясы" компаниясында "Антонов" ұшақтарына қажетті саймандар шығару қарастырылған.

Министрлік мәліметінше, келісім аясында Астанада "Антонов" ұшақтарына жөндейтін және қызмет көрсететін орталық ашу және украиналық "Мотор Сич" компаниясының қозғалтқыштарын жөндейтін орталық құру жоспарланған. Бұған қоса Қазақстанда шағын ұшақтарға арналған "Мотор Сич" компаниясының қозғалтқышын құрастыру да жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG