Accessibility links

Киев: Донбаста бір сарбаз қаза тапты


Авдеевка елді мекені маңындағы украин сарбаздары. Донецк облысы, тамыз 2015 жыл.
Авдеевка елді мекені маңындағы украин сарбаздары. Донецк облысы, тамыз 2015 жыл.

Украина шығысында бейбіт келісімге қарамастан бір украин сарбазы қаза тауып, екі сарбазы жараланды.

Украин әскері мен ресейшіл сепаратистер қыркүйектің басында атысты тоқтатып, қару-жарақтарын әкету туралы келісім жасасып, содан бері қақтығыс көбінше тоқтаған еді.

Украина қорғаныс министрі Степан Полторактың хабарлауынша, 13 қазанда сепаратистер Донецкінің солтүстігіндегі украин әскері бақылайтын Авдеевка елді мекені маңын гранатометтен атқылаған.

Полторак шабуылға қатысты мәлімет мардымсыз екенін айтып, шабуылды сепаратистер жетекшілеріне бағынбайтын жекелеген топтар жасауы мүмкін екенін айтады.

Украина шығысындағы Донецк мен Луганск облыстарында үкіметі күштері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыс 2014 жылдың сәуірінде басталған. Соңғы ресми дерек бойынша, қақтығыстан қаза тапқандар саны 8 мың адамға жуықтаған.

XS
SM
MD
LG