Accessibility links

Путиннің Қазақстанға ресми сапары басталады


Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов күтіп алды. 4 қазан 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путинді Астана әуежайында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов күтіп алды. 4 қазан 2015 жыл.

Бүгін, 15 қазанда Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары басталады. Путин Астанаға 14 қазан күні кешке келген. Оны әуежайда Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов күтіп алды.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз қыметі Путин 15 қазанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты, оның ішінде энергетика, транспорт, ғарышты зерттеу салаларындағы жобаларды іске асыру жайын талқылайтынын хабарлаған. Екі ел президенті бұған қоса аймақтық және халықаралық кейбір мәселелерді де талқылап, бірқатар құжатқа қол қояды деп жоспарланған.

Путин 16 қазанда ТМД елдері басшыларының және Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысады.​

XS
SM
MD
LG