Accessibility links

Анкара Сирия күрдтерін қаруландыруға қарсы


Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутглу АҚШ елшісіне Вашингтонның "түркиялық күрдтермен байланысы бар болуы мүмкін" сириялық күрдтерді қаруландырғаны туралы ақпаратқа наразылығын білдірді. Давутоглу сириялық күрдтерге берілген қару Күрдістан жұмысшы партиясы көтерілісшілерінің қолына түсіп, "Түркияға қарсы қолданылуы мүмкін" екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Сирия күрдтерінің өкілі АҚШ Сирия "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресіп жатқан күрд көтерілісшілеріне 120 тонна қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізгенін хабарлаған. Бірақ америкалық әскерилер өткен аптада Сирия күрдтеріне қару-жарақ немесе оқ-дәрі жеткізгені туралы ақпаратты растамады.

"Түркияға соғыс ашқан террористік ұйымдармен кез-келген байланысты Анкара қабылдай алмайды" деді Давутоглу.

XS
SM
MD
LG