Accessibility links

Мәскеу MH17 апатын қайта тергеуді талап етті


Росавиация мекемесі басшысының орынбасары Олег Сторчевой.

Росавиация мекемесі басшысының орынбасары Олег Сторчевой.

Ресей Халықаралық азаматтық авиация ұйымынан өткен жылы Украинаның шығысында құлаған Malaysia Airlines компаниясы ұшағы апатын қайта тергеуді талап етті. Росавиация мекемесі басшысының орынбасары Олег Сторчевой бұл жайлы 14 қазанда Мәскеуде мәлімдеді.

Амстердамнан Куала-Лумпурге MH17 рейсімен ұшып шыққан Boieng 777 ұшағы 2014 жылы 17 шілдеде апатқа ұшырап, бортындағы 298 адам түгел қаза тапқан. Апатты зерттеген Нидерланд қауіпсіздік кеңесі 13 қазанда қорытындысын жариялап, ұшақты Ресейде жасалған "жер-әуе" санатына жататын "Бук" зенит зымыраны атып түсірді деп мәлімдеген.

Сарапшылар зымыранды кім атқанын атамағанымен, зымыран ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аймақтан атылғанын айтқан.

Старчевой Мәскеу кейбір айғақтар қолдан жасалған деп санайтынын білдірді.

Донецк облысындағы сепаратистер жетекшісі Александр Захарченко ұшақ апатына сепаратистердің қандай да бір қатысы барын жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG