Accessibility links

Тегеран ядролық келісімді күшіне ендірді


Иран парламенті депутаттары ядролық келісімді мақұлдап дауыс бергеннен кейін. Тегеран, 11 қазан 2015 жыл.
Иран парламенті депутаттары ядролық келісімді мақұлдап дауыс бергеннен кейін. Тегеран, 11 қазан 2015 жыл.

Иранның сақшылар кеңесі әлемдік державалармен жасалған ядролық бағдарламаға қатысты келісімді күшіне ендіретін заң жобасын мақұлдады. Келісімнің күшіне енуіне мүмкіндік беретін қосалқы заң жобаларын 11 қазанда Иран парламенті мақұлдаған.

Сақшылар кеңесі мақұлдаған соң заң жобасы күшіне енген болып саналады. Келісімнің орындалуына Иран ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесі жауап береді. Бұл кеңесті Иран президенті Хассан Роухани басқарады.

Қабылданған заң бойынша, Иран егер әлемдік державалар қолданыстағы экономикалық санкцияларды жоймаса немесе жаңасын енгізсе келісімнен бас тартуға хақы бар. Құжатта бұған қоса Иран үкіметі аймақта ядролық қаруға ие жалғыз мемлекет - Израильді қарусыздандыру бағытында жұмыс істейтіні айтыған.

Заң Тегеранды АҚШ пен Батыс елдерінің "келісімді пайдаланып" Иранға дендей кіруін болдырмау шараларын жасауға шақырады.

XS
SM
MD
LG